COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан қаласының 1974 ж., 1980 ж., 1986 ж., 1981 ж. және 1978 жылғы тұрғындары анықталып, тіркелді.

Сонымен қатар, скринингтік зерттеу барысында Кентау қаласының 1981 жылғы тұрғынының да сынамасы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.

Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

04.05.20 ж. сағат 12:40-тағы жағдай бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 137-ге жетті.