«Шымкенттегі Елтай ауылында орналасқан Тоғыс су қоймасынан төменде орналасқан елдімекендерге еш қауіп жоқ «,-дейді «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы мамандары.
Стратегиялық маңызды нысан болғандықтан, мұнда сала мамандарынан бөлек, полиция қызметі тәулік бойы қызметте. Бейнекамералар да орнатылған. Осыдан 3-4 жыл бұрын қайта құру жұмыстарынан өткен су қойманың су деңгейі де үнемі бақылауда. Пайдалануға 1964 жылы берілген Тоғыс су қоймасының жобалық сыйымдылығы 4 млн. текше метрден асады.
Әмина Мамырова, Тоғыс су қоймасының инженер-гидрометрі: «Тоғыс су қоймасының сыйымдылығы 4,7 млн. текше метр. Қазіргі таңда қоймада 1 млнға жетпейтін 820 мың текше метр су бар. Тұрғындарға қауіп жоқ. Мұнда мамандар тәулік бойы жұмыс істейді».
Назерке Үкібасова