Су тасқынынан келер қауіп жоқ

168

Қазіргі таңда қала аумағында су тасқыны жағдайы бір қалыпты, тұрақты бақылауда. Күнделікті гидробекеттерінен су қоймалар мен өзендердің деңгейі, толуы және ағындары бойынша мониторинг жүргізілуде.

Жалпы қала бойынша су қоймаларының орташа толуы 20-40% дейін су жиналған. Қазіргі таңда келуі ықтимал тасқын суларды қабылдауға жеткілікті қорлары бар. Бадам өзеніндегі судың шығыны 6 м3/сек, Сайрам су өзеніндегі судың шығыны 3 м3/сек.

Қаладағы 4 су қойманың жағдайы қанағаттанарлық, оларға алдынғы жылдары меншік иелерімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ерғали Бақаев, Шымкент қаласы ТЖД басшысының орынбасары: «Қазіргі таңда су қоймаларының барлығында 25-40 %-ға дейін суға толы. Көктемгі су тасқынына дейін су қоймалары толықтай дайын. Қала аумағындағы қоймалардың барлығына өткен жылы каүрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,дайындыққа келтірілген».

Сондай-ақ,Түркістан облысы бойынша жалпы 40 су сақтау қоймаларында апаттық жағдайдың алдын алу шаралары жүргізілуде.Мамандар күн сайын су деңгейінің көрсеткішін жіті бақылауда ұстайды. «Қазгидромед» РМК-ның мәліметіне сүйенсек, облыстағы тау бөктеріндегі қардың қоры өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға азайған.

Түркістан облысы бойынша су қоймаларының толу көрсеткіші 50%. Облыстағы ірі өзендер Сырдария ,Арыс, Келес су қоймаларында қалыпты деңгейден төмен.

Нұрлан Сұлтанбек