Биыл Елтай елді мекені тағы бір білім ұясымен толықты

40

Елтай ауылы жаңа білім ошағымен толықты. 2022-2023 оқу жылында Алаш мектебінен 500 бала білім алды. Онда оқушылардың еркін білім алуына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар 300 оқушы арнайы автобуспен тасымалданады.

2022-2023 оқу жылы Елтай ауылында көптен күткен білім ұясы ашылды. Алаш мектебінің алғашқы түлегі Балнұр Еркінбек жаңа ордадан алғашқылардың бірі болып түлеп ұшатынына қуанышты. Ол бұған дейін №120 мектепте білім алған. Сөзінше ол кезде таңертең оқу ордасына қатынау қиын болған. Ал қазір Алаш білім мекемесіне небәрі 2 минутта жетеді екен.

Балнұр Еркінбек, 11 сынып оқушысы: «Біз №120 Бауыржан Момышұлы мектебінде қатынап оқитын едік. Қазір мектеп үйіміздің жанынан ашылды. Бізге сол жағы ыңғайлы болды. Қазір мектепте ең кем дегенде 2 минутта жетеміз. Барлық керек жарағымызмен, кітаптарымызды мектеп өзі қамтамасыз етті»

Алаш мектебінде 500 бала білім алады. Олар заманауи технологиялармен толық қамтылған. Жаңа оқу орны ауылдағы жаңа құрылыс аймағының балалары үшін тиімді. Тіпті балаларды тасымалдауға арналған 2 автобус та қарастырылған.

Жанар Елесова, «Alash School» Елтай орта мектебі директорының орынбасары: «Бізде 300 оқушы тасымалданады. 347 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Балаларға биология, химия сынды сыныптардың барлығы жасақталып берілді. Онымен қоса кітап шығаратын кішігірім кабинетіміз де бар. Балалар үшін жағдай бар жасалған»


Мектеп әлі де 100 оқушыны қабылдауға қауқарлы. Сонымен қатар алдағы уақытта жаңа корпус салу да жоспарда бар. Ал оқушылардың қауіпсіздігі үшін 32 камера қойылған. Оның 10-ы тікелей құқық қорғау орындарының бақылауына алынған.