Тойға дайындаламыз деп, торға түсті

137

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қыметкерлері А.Асқаров атындағы Дендросаябағының алдында серуендеп жүрген жастардың жеке бастарын анықтап, полицияға жеткізді.

Олар өз әрекетін тойдың алдындағы дайындық барысымен түсіндірген, арнайы фотосессия жасап, бейнеролик түсірген. Сондай-ақ, тойды карантин режимі аяқталғаннан кейін өткізуді жоспарлауда. Алайда бетпердесіз жүріп, карантин режимін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері ол азаматтармен профилактикалық сұхбат жүргізіп, олардан түсініктемелерін алған.

Оларға қатысты заңды шешім қабылдау үшін жинақталған әкімшілік іс құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жолданатын болады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі