Екі есірткі егістігі жойылды

186

Түркістан облысы полицейлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бірден екі есірткі егістігін жойды

Ордабасы ауданында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары заңсыз қарасора өсірген тұрғын жайлы жедел ақпарат алып, сол арқылы күдіктіні қолға түсірді.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жергілікті тұрғынның бақшасынан құрамында есірткі заты бар 70-тен астам өсімдікті тапты. Табылған есірткіге ұқсас түптер полиция қызметкерлерімен айғақты зат ретінде алынып, сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес түптердің жалпы салмағы 12 кг-нан астам есірткі заты бар «Қарасора» екені анықталды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері тұрғынның үйінен алынған ірі көлемдегі есірткі затын не мақсатпен өсіргенін анықтауда.

Үш күннен кейін Түркістан облысының полицейлері Шардара ауданында тағы бір қарасора еккен тұрғынды анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шардара қаласы тұрғынының үйінде есірткі заты бар өсімдікті анықтады. Күдіктінің үйін, ауласын тінту кезінде жедел уәкілдер 12 түп заңсыз өсірілген есірткі тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 5 кг-ға жуық қарасора екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Полиция.кз