Шымкент қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз алтыншы сессиясы өтті. Жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күнтәртібіне бірнеше мәселе қойылып, депутаттардың қолдауын тапты. Мәселен, туристерді тарту, ономастикалық проблемаларды шешу. Бұдан бөлек, алдағы сайлау науқанына қатысты дайындықтарды пысықтады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Сессия барысында депутаттарға қала бюджетінің орындалу барысы таныстырылды. Баяндамашылардың мәліметінше, биыл бюджет кірісі жоспарланған межеден асыра орындалған. Қосымша түскен қаражатты қаладағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттау көзделіп отыр. Бұдан бөлек, туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы есеп берді. Ол, өткен жылы Шымкентке келген туристер саны 550 мыңнан асқанын жеткізді. Сондай-ақ, жыл басынан бері 4 қонақүй пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта 9 қонақүйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын алға тартты.
БЕКСҰЛТАН ӘДІЛХАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Ағымдағы жылдың маусым айында кюарь басқару іске қосылады. Аталған кюарь код 70 орнатылады. Сонымен қатар жасанды интелектке онлайн жобасы іске қосылады. Қаладағы туристік….. спортзал, нысандар салынып жатыр».
Ал депутаттармен мәслихат төрағасы өзге өңірлерден және алыс-жақын шетелден келген туристерге қолайлы жағдай жасау қажеттігін алға тартты. Ол үшін, туристік аймақтарға барып, келу жолдарын реттеуді ұсынды.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Шымкенттің туризмін дамыту, Түркістан облысымен байланысты. Екі жаққа да пайдалы жобаларды іске асыру керек. Шымкентте қонақ үй көп. Инфрақұрылым көп. Оларға қысқа маршруттарды ұсыну керек. Мысалы осы Шымкенттің қонақ үйінде жатып, Төлебиге барып келеді. Зиараттарға барып келеді. Шатқалдарға барып келеді. Бірақ, келіп, біздің қонақ үйге жатып, осы жерге қаржы тастап кететіндей жағдай жасау керек».
Сессия барысында Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау жөніндегі ұсыныстарды Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу мәселесі қаралды. Сондай-ақ, сайлау комиссияларының мүшелеріне қатысты мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі сөз болды.
«Нәтижемсінде, 3 саяси партия, 11 қоғамдық ұйым, 469 үміткер тізімге ұсынылды. Олардың барлығы арнайы тексеруден өтті. Заң талаптарына сәйкестігі қаралды. Шешім жобасы дайындалып, өздеріңізге ұсынылды. Аталған мәселе кеше тұрақты коммисияда қаралды. Сондықтан, бұл мәселе бойынша шешім қабылдау керекпіз. Алда үлкен саяси науқан келе жатыр. Сайлау комиссияларын нақытлап, сәйкестендіріп алуымыз қажет. Сондықтан дауысқа салам. Қарсы қалысс жоқ. Қабылданды».
Сессия соңында қаланың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен марапатталды. Оларға көпжылдық адал еңбегі мен қаланың өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.
НҰРГҮЛ Жолымбететова






