Шымкент: Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды

250

 

Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды.

Төмендегі санаттағы азаматтар мемлекеттік грантқа қатыса алады және оларға «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсынан өту талап етілмейді.

• Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген атаулы әлеуметтік көмек алатындар;
• Табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелері;
• Оралмандар мен қоныс аударушылар

Сондай-ақ, «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған жұмыссыз және бірыңғай жиынтық төлем жүргізген азаматтар мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.

Грантқа өтініш білдіру үшін келесі құжаттар талап етіледі:

1. Өтініш;
2. Жеке куәлік;
3. Бизнес жоспар;
4. Аз қамтылған және көпбалалы болған жағдайда оларды растайтын тиісті құжаттар;

Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, Бәйтереков көшесі, 89.
Байланыс телефондары:

Қаратау ауданы — 87022502769, 87071069790, 87053516076, 87752141188, 87473008802, 87785805054

Еңбекші ауданы — 87015705445, 87473491800, 87079709090, 87752389028, 87786015874, 87765756000.

Әл-Фараби ауданы — 87761764040, 87058519000, 87081791987, 87762180227, 87026967696, 87752321442.

Абай ауданы — 87752470855, 87028188009, 87760101901, 87025788794, 87786586155, 87752389028.