Бұл қызметке таңдаулы мамандар ғана шақырылады

308

Тергеуші Сүндет Тілеуқабылов: «Әр істің артында адам тағдыры тұр»

Тергеуші қызметі – аса сауаттылық пен білімді, шыдамдылықты талап ететін, жауапкершілігі мол іс. Олардың мақсаты – нақты айғақ жинап, қылмыскерді дәл табу. Аталған сала ішкі істер органдары жүйесінде ерекше орынға ие. Сол себепті бұл қызметке таңдаулы мамандар ғана шақырылады.

Отырар аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Сүндет Тілеуқабылов бұл салаға енді келіп жатқан маман. Жас болса да білікті, білімі жоғары.

Бүгінге дейін біршама қылмыстық істер бойынша кінәлілерді анықтаған. Олар қазіргі кезде соттың шешіміне сәйкес, жазасын өтеуде.

Сұхбатымыздың барысында ел ішінде алаяқтық қылмысының көбейіп кеткендігін ескерткен Сүндет Қайсарұлы көпшілікті сақтанып жүруге шақырды.
– Елде қазір алаяқтық қылмысы көбейіп кетті. Телефон арқылы, ғаламтор арқылы жапа шеккен жәбірленушілер бізге хабарласып көмек сұрап жатады. Сондықтан әрбір істе сақтанған жөн. Төлем жасар кезде, зат алар кезде абай болыңыздар. Әсіресе, интернет төлем жасаған тұста алаяқтардың құрбаны болмаңыздар – деп ескертеді тәртіп сақшысы.

Сүндет Отырар ауданының тумасы. Жергілікті жердегі орта мектепті бітірген соң, Алматыда жоғары білім алады. Ал, еңбек жолын Арыс ҚПБ учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Содан 2018 жылы туған жері Отырарға қызмет ауыстарады. Бүгінде тергеуші. Шені аға лейтенант.

– Өндірісімде екі факт алаяқтық іс бар. Оның бірінде күдікті өзін банктің өкілімін деп таныстырып, тұрғындардың «несиесін жауып беремін» деп, ақша жинаған. Бұл бойынша бізге 30 тұрғын арызданды. Тергеу жұмыстары жүргізілді. Қазір істі сотқа өткізуге дайындап жатырмыз. Одан кейін, Шәуілдірден жер алып беремін деп екі тұрғыннан 500 000 теңгеден ақша алған күдікті ұсталды. Барлық істер тергеуде – дейді ол.

Сүндет бос уақытын спорт залда өткізеді. Бокстан спорт шебері, әрі көптеген жылдар бойы жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Былғары қолғап шебері көптеген байрақты бәсекелерден жеңіс тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанған.
– Әр істің артында адам тағдыры тұр. Сондықтан әрбір істі мқұят тергейміз, тексереміз – дейді тергеуші.