«Дексаметазон» – 5 мың теңге

307

«Дексаметазон» препаратының қаптамасын 5000 теңгеден сатқан сайрамдық дәріхана қожайыны жауапқа тартылды. Түркістан облысының полицейлері дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың кезекті фактілерін анықтауда.

Рейдтік іс-шаралар аясында тәртіп сақшылары Сайрам ауданындағы дәріханалардың бірінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату жайтын әшкереледі. Дәріхананың сатушысы белгіленген бағасы 1000 теңге тұратын «Дексаметазон» препаратының қаптамасын 5000 теңгеден сатқан.

Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған дәрі-дәрмектің 100 ампуласы бар 5 қорабын тәркілеп алды. Жинақталған материалдар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Мақпал Рысбаева