«Масканың пайдасы жоқ» деп ойлайтындар көп

447

«Масканың пайдасы жоқ». Бүгін COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай ойлайтындардың көп екенін айтты.

Жедел штаб азаматтардың санитарлық және маска режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Айтуынша, адамдар әлі күнге дейін фактілерді емес, өздерінің жаңсақ пікірлерін ғана басшылыққа алады.

Вируспен күрес барлық қазақстандықтарды «ортақ мақсат сезімімен» біріктіруі тиіс, ал карантин режимін бұзғандарды қоғам өзі айыптауы керек дейді ол. Ералы Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзуға қатысты күнделікті рейд жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырмаларды жүктеді.

Мақпал Рысбаева