Елімізде 883 ауылда интернет жоқ. Бұл туралы бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко мәлімдеді. Айтуынша, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін екі жоба жүзеге асырылуда.

Жобалар аясында мемлекеттік мектептер, ауруханалар мен әкімдіктер үшін ауылдық елдімекендерде интернетке кеңжолақты қолжетімдік қызметтері сатылып алынады.

Виталий Ярошенко, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы: «Қазіргі уақытта интернетке кеңжолақты қолжетімдікті қамтамасыз ететін желілер 6 459 елдімекеннің 4 646-сында салынған. Бұл ретте осы елдімекендерде 18,2 млн адам, халықтың 97,3% тұратынын атап өткен жөн. «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы бар, онда жыл соңына дейін 250 және одан да көп адам тұратын барлық ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету тапсырылған. Қазіргі уақытта интернетпен қамтылмаған 883 ауыл қалды».

Ал интернеті жоқ елді мекендерде тұратын оқушылар мектепке баратын болды. Комитет төрағасы ұлттық экономика министрлігі және облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып осындай шешім қабылданғанын жеткізді. 2023 жылға дейін 200-ден астам интернетке кеңжолақты қосылу желілері салынады деп жопсарлануда.

Мақпал Рысбаева