Карантин: 17 тамыздан кейін қандай шектеулер сақталады?

224
фото Stan.kz

17 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетіледі. Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына тыйымдар сақталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, — ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге; — барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына; — мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге; — бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; — діни нысандардың жұмысына; — қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады. Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

«Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар және бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналуы қажет. Бизнес субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған жағдайда ғана қайта бастау қажет», — деді Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін өткен мемлекеттік комиссия отырысында.