Америкадан құс өнімдерін импорттауға уақытша шектеу енгізілді

77
Онда 43 мың 700 тауық бір тәулікте 38 мың дана жұмыртқа береді

Қазақстан АҚШ-та құс тұмауының өршуіне байланысты Америкадан құс өнімдерін импорттауға уақытша шектеу енгізді, – деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.

2022 жылғы 14 қарашадан бастап АҚШ-тың Флорида, Теннесси, Арканзас, Аляска және Нью-Джерси штаттарынан Қазақстанға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылды. Ал 25 қарашадан бастап тізімге Огайо мен Миссисипи штаттары да қосылды.
Әзірге Қазақстанға АҚШ штаттарынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, мамықты, қауырсынды, термиялық өңдеуден өтпеген құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерін, құсқа арналған азықты, бұрын қолданылған құстарды ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған жабдықтарды импорттауға болмайды.
Сондай-ақ осы жеті штаттан тірі құсты Қазақстан арқылы тасымалдауға да тыйым салынады. Айта кетері, биыл АҚШ-та құс тұмауы өршіп, 50,54 млн құс қырылды. Елде құс еті мен жұмыртқа айтарлықтай қымбаттап кеткен.