Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

390

 

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы туған. Мамандығы — заңгер-оқытушы.
Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның басшысы лауазымында қызмет атқарған.