Түркістан облысында 17 тамыздан бастап карантин режимі жеңілдетілді

746
Нұрбек Садықбекұлы Нышанов, Түркістан облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері

Түркістан облысы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында, Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14 тамыз күнгі №33 қаулысымен, карантин режиміне бірқатар жеңілдетулер енгізілді.Түркістан облысының аумағында карантиндік шектеу іс-шаралары 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00.00-ден бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды.

Бұл ретте шектеулердің сақталатынын атап өткеніміз жөн.

  • жабық азық түлік және ашық азық-түлік емес базарларының 30% – дан аспайтын толымдылығымен, 1 келушіге 4 ш.м., жұмыс режимі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысын тоқтатуды;
  • сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің жұмысы (алдын ала жазылумен, 1 келушіге 4 шаршы метр есеппен) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы істеуіне тиым салуды;
  • балалар түзету кабинеттерінің, балалар және ересектер білім беру орталықтарының (топтар – 5 адамнан аспайды, алдын ала жазылу бойынша) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысын тоқтатуды;
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының жұмысы (15 адамнан артық емес);
  • ) ашық ауада аттракциондардың жұмысы (қашықтық, маскалар, ағынды реттеу) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысын тоқтатуын;
  • фитнес-орталықтардың жұмысы (бассейндерсіз, 1 келушіге 5 ш. м. дейін, қуатының 50% артық емес, алдын ала жазылу бойынша, үй-жайды бактерицидті шамдармен зарарсыздандыру) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмыс істеуіне тиым салуды;
  • моншалар мен сауналардың жұмыс режимі (бассейндерсіз, толымдылығы 50%-дан аспайды, 1 келушіге 4 ш. м.) жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысын тоқтатуын жоспарлаудамыз.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Елімізде болып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық талаптарды мұқият сақтауға шақырамыз. Кез-келген мерей тойлар, еске алу, шығарып салу, құдалық, той, беташар және тағы басқа жиындарды өткізбеуді сұраймыз.
Сонымен қатар әр жеке тұлға жеке бас гигиенасын сақтай отырып, көшеде, қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналатын объектілерде міндетті түрде бетперделік режимді және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды сұраймыз. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!

Түркістан облысының

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен

қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.