1 қазанда су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтар жаңа үйге көшеді

117

Ағымдағы жылдың мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан Мақтаарал ауданына қарасты 5 елдімекенді су басқан болатын. Соған сәйкес зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Марзакент елдімекенінің 70 гектар жеріне 386 үйдің құрылысы жүргізілуде. Аталған үйлердің 230-дан астамының құрылысы толықтай аяқталған.

Бұл үйлердің барлығы бірдей инфрақұрылымда салынған. Ауыз су, газ, кәріз желісі мен интернетпен жабдықталған. Бұл үйлерден бөлек әлеуметтік нысандар 1210 орындық мектеп, 280 орындық бала-бақша, жергілікті пункт, ФАП құрылысы жүргізілуде» , – деді Мақтаарал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бижан Анарбеков.

1 қазан мен 10 қазан аралығында тұрғындар жаңа баспаналарына қоныстанатын болды. Яғни, оған дейін 386 отбасының баспанасы толығымен аяқталады.

70 гектар аумаққа орналасқан үйлер маңындағы басты жолдың екі тұсы да демалыс орнына айналады. Сондай-ақ, басты көше бойынан өткен каналдың жанындағы «Ленин» саябағы жаңғыртылуда. Халықтың таза ауа жұтып, демалуына қолайлы болу үшін демалыс орындары мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.