Кентауда 600 отбасыға пәтер кілттері табысталады

105

Кентауда жыл соңына дейін құрылысы 2019 жылы басталған көпқабатты он үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«600 пәтердің жалпы ауданы 33240 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылады, балалар ойын алаңдары орнатылып, тұрғындар үшін демалыс орындары да қарастырылған», – дейді Кентау құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев.

Жаңа үйлерге мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар мен тұрғын үй кезегінде тұрғандар ие болады. Бұдан басқа, әрқайсысында 25 пәтерден тұратын тағы бес қабатты 96 үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.