Отырарда әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

26

Түркістан облысы, Отырар ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай аудан орталығы Шәуілдір ауылында 6 нысан абаттандырылды.Сондай-ақ, жаяу жолдар мен веложолдар салынып жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімдігінің айтуынша,өңірдегі Арғынбеков даңғылында 1,9 шақырым аралық абаттандырылып, жарықшамдар мен орындықтар және қоршаулар орнатылған. Бұл жұмыстарға мемлекеттен 266,7 млн теңге қарастырылған. Және де 1,77 шақырым аралықты көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, Жібек жолы даңғылы бойындағы «Даңқты бабалар саяжолы» нысанына жөндеу жұмыстарын өткіуде. «Қасірет мемориалы» аллеясындағы ағаштарды суару мен жарықтандыру жүйелері орнатылып жатыр.