Саумалмен емделуге сұраныс артқан

39

«Таң Нұры» саумалымен емдеу кешені Түлкібас ауданының орталығында орналасқан. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы өндірістік инфрақұрылымын дамытқан. Нәтижесінде газ құбырын және қосалқы құрал-жабдықтар орнату шаралары іске асты. Мемлекеттен қолдау алған орталықтағылар бір күнде 84 ем алушыны қабылдауға қауқарлы. Қазіргі таңда орталыққа келіп, дертіне шипа іздеген жандар санын тағы 80 адамдық орынға арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ол жұмыстардың 50 пайызы жүзеге асып үлгерген.

Айта кетейік, сауықтыру орталығы тек саумалмен емдеп қоймай, тыныс алу жолдарына, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және неврологиялық ауруларға қарсы ем-домдар жүргізіледі.