Қытай ұлттық мұнайгаз копорациясы «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-мен бірге Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына гуманитарлық көмек ретінде оттегі концентраторларын сыйлады.
Қорапшалардағы оттегі концентраторлары коронавирус індетінен емделуге арналған таптырмайтын жабдық. Науқастың тыныс алуын жеңілдететін бұл аппараттарды Қытай Ұлттық мұнайгаз Корпорациясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Шымкентке тарту етті.
Қытай Ұлттық МұнайГаз Корпорациясының еншілес компаниясы «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС пандемия кезеңінде гуманитарлық көмек көрсетуді әлі де жалғастыруда. Қаладағы аруханаларға медициналық бетперделер таратылып, залалсыздандыру дәліздері, медициналық арнайы костюмдермен қамтамасыз етті.
Айта кететін жәйт, елімізде эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрғанда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкент қаласы әкімдігіне 100 млн. теңге қаржы аударған болатын.
Сонымен қатар, «ПКОП» ЖШС жастар ресурстық орталығымен бірге «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын өткізіп, көмекке мұқтаж 100 отбасына азық-түлік жиынтығын табыс етті. Бұл жоба «Біз біргеміз» акциясының аясында жүзеге асты.
Айта кетейік, Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясы еліміздегі аймақтардағы түрлі қоғамдық жобалардың белсенді қатысушысы.
Шынар Оразова