Түлкібас ауданында 6 мектеп қосымша ғимаратпен толықпақ

25

Түлкібас ауданында халық санының артуы білім мекемелеріне әсер етті. Осыған байланысты 6 елдімекендегі білім ошақтары жаңа корпустармен толығады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – Шевцов мектебі. Мектептің ескі ғимараты толығымен күрделі жөндеуден өтіп, 150 оқушыға арналған корпус құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңарту жұмысының жалпы сметалық құны – 688 млн 317 мың теңгені құрайды. Нысан осы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, Түлкібас ауданында жалпы 60 мектеп бар. Оның ішінде 46 – орта, 5 – негізгі, 9 бастауыш білім беру мекемес және 1 үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты. Айта кетерлігі, ауданда үш ауысымда оқытатын және апатты жағдайдағы білім ұясы жоқ. Сондай-ақ ауданда қосымша білім беруге бағытталған «Балалар өнер» мектебі мен «Жас туристер станциясы» бар. Ал балабақшалардың 15-і мемлекеттік болса, 33-і жекеменшік.