Түлкібас ауданында күзгі алманы жинау науқаны қарқынды

23

Түлібаста Шақпақ ауылдық округіне қарасты «Көктал» шаруа қожалығының алма бау көлемі 230 гектар болса, соның 30 гектарында – қарқынды бау орналасқан. Шару қожалықта апорт, гала, фуджи, голден делишес, легалина, айдарет сынды алманың 14 түрі бар.

Науқан кезінде 160 адамды, ал тұрақты жұмыспен 30 адамды қамтып отырған шаруаның 2000 тоннаға дейін жеміс сақтауға қауқарлы қоймасы да бар. Бүгінгі таңда шаруа қожалық 600 тоннадан астам күздік алма жинап үлгерген.