Шымкентте ішімдік ішкен ер адам үйінде газ балонын жармақ болды

229

 

2020 жылғы 17 қазанда сағат 15.45-те учаскелік полиция қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында өрт сөндіру қызметіне жүгінді. Учаскелік полиция «101» пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлады.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері 1978 жылы туған үйдің иесі алкогольдік масаң күйде, отбасылық жанжалдан кейін 50 литрлік газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырғанын анықтады. Кез-келген минутта жарылыс болуы мүмкін еді.

Жағдайдың барлық қауіптілігін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Ербол Небесаев пен аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты А.Юлдашев жедел әрекет етті. Олар тез арада бөлмеге жүгіріп, газ баллонының кранын жауып, далаға шығарды, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы балалардың жағдайын қарап шықты, балаларға медициналық көмек қажет болмады, олар анасымен қалды. Үй иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы тартылды.