Úı ANONS Шымкентте жол бөлігі уақытша жабылады

Шымкентте жол бөлігі уақытша жабылады

Қаламызда көлік инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылының Б.Момышұлы көшесінен бекетке дейінгі аралығында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Қазіргі таңда, мердігер «Корпорация Береке-А» ЖШС-нің тарапынан Республика даңғылында жол өткелді («Колос» туннелі) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстарға байланысты, өткелдің Республика даңғылында (Гагарин көшесінен Дамбовый көшесіне дейін) 17-23 қазан күндері түнгі сағат 23:30-ден таңғы 07-00 аралығында түнгі ауысымды жол бөлігі жабылатындығын хабарлаймыз.