2026 жылғы 24 маусымда Түркістан қаласындағы «Ханшайым Plaza» сауда-ойын-сауық орталығы аумағында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен жекеленген оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде орын алуы мүмкін түрлі жағдайларға жедел ден қою және күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері пысықталады.
Іс-шараға байланысты автокөлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Осыған орай тұрғындар мен қала қонақтарын жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

