«Қала халқының және ауыл тұрғындарының көпшілігі таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Енді алдымызда тұрған шұғыл міндет – 500-ге жуық ауылға су беру жұмысы. Әсіресе, ауыз суды тазалау мәселесін шешу қажет».
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету айрықша маңызды міндет екеніне ерекше тоқталған болатын. Сондай-ақ, соңғы жылдары осы бағытта нақты шаралар қабылданғанын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш қаласының әкімдігі халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның бірі – Ақжар ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан ауыз су инфрақұрылымын дамыту жобасы. Қазіргі таңда елді мекенде жаңа су құбырларын тарту және қажетті инженерлік нысандарды орнату жұмыстары қарқын алған.
СЕРІК СПАТАЕВ, АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Ақжар елді мекенінде таза ауыз сумен қамтамасыз етіу жұмыстар жүргізілуде бөлінген қаржы 1,8 миллиард бұл жұмыстар 2025 қараша айында басталды өтпелі 2027 қазіргі таңда 82 шақырым 50 шақырым жұмыстары толық аяқталуда. Басты мақсаты тұрғындардың таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі өмір сүру сапасын арттыруға маңызды жобалардың бірі одан бөлек қазір Ақжар елді мекенінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 5,8 шақырым 7 көше дәрігерлік емхана құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазір ауыз су «Сақ құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жүргізуде. Тапсырыс беруші мекеме тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі Ақжар ауылдық округі екі елді мекеннен құралған Ақжар бағыс елді мекені 1284 отбасы халық саны 8200 осы Аққжар елді мекенін ауыз сумен толық қамтамасыз етеміз деген жоспар бар бүгіні күне дейін. «Сарыағаш тұрмыс» деген коммунналдық мекеме тарапынан ұңғыма қазылған солардың балансында екі су тасушы бар. Халық содан осыған дейін тасып ішіп жатыр енді осы жобамыз аяқталса халық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деген жоспарымыз бар жоқ күнделікті былай айтқанда ауылымызда сегіз техника бар грфикпен көшелерге бөліннген күнделікті сол су тасымалдайды сатып алып ішіп отырады».
Жауаптылардың айтуынша, ауылды толықтай сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен орындалуда. Жобаның жүзеге асу барысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы танысып, құрылыс алаңында болды. Аудан басшысы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстап, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берген. Мердігер мекеменің мамандары тұрғындарды ауыз сумен уақытында қаматамасыз етуге барымызды саламыз деп отыр. Қазіргі таңда нысанда су қоймасын қоршау, диаметрі 110 және 160 миллиметрлік ауыз су құбырларын тарту, сондай-ақ су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 30 шақырымға жуық су құбыры төселіп, 150 дана су құдықшасы орнатылған.
НҰРСҰЛТАН ТҰРМАНОВ, «САҚ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС БАСШЫСЫ: «Су шығып тұр мұны үш жүз жиырма алты метр қаздық суын алып лабораторияға да өткіздік ішуге жарамды деген қағазымыз да бар. Қазіргі таңда жарамды ал су беруге тіпті дайын. Енді алдына фильтр қоямыз шыққаннан кейін ары қарай халыққа тиімді беруге болады. Бүгін бір ұңғымадан дегенде мынандайда секундына жиырма бір куб су шығып жатыр бұл жерде бізде напормен су болғаннан кейін екі резервуар соғылады резервуардан бес жүз, бес жүз куб болды толық ауылды қамтиды. Бұл жерде бір емес қой екіншісінде қазып жатырмыз. Мына жақта 326 мертді бір жарым ай көлемінде қазып шықтық. Енді өздерінің геология тексеріп сол шығарып кетті. Екінші ұңғыманы 254 метр қаздық деді. 330 қазамыз оны да сол он күн ішінде қазып болып қалар. Қазіргі таңда бірінші ұңғыманы бітірдік екінші ұңғыманы қазып жатырмыз. 254 метр қаздық енді 330 метр қазу керекпіз негізі. Техника 10 күн или 15 күнде, бір айда жер қатты болып жатыр жетіп қалу керекпіз. Бұл жерден қазір су шығып жатыр. Бұл қазір мынау лай сулар мына кішкентай бассейндерге құйылып жатыр. Лас қой соны тазартып шығарып жатырмыз, лайларын жуып шығарып жатырмыз. Қазір облыс бөлімінде бір он -он бес ауылдың суын істеп жатқан жатырмыз. Оның ішінде біткен жерлері бар. Бітпеген жерлеріміз де бар. Қазір тек Ақжар елдімекені ғана бізде. Енді жұмыс барысын көреміз қалай болатынын қолдан келіп жатса, негізі биыл беруге тырысамыз деп отырмыз. Жұмыстың пайызы елу пайыздан асып кетті, ауылдың шетінің өзінде де енді мына суымыз шықса, мына жаңағы резерві бар жақтап соғамыз, 500-500 кубтан. Соны істейміз кейін жаңағы фильтр бар қойып болсақ, дайын болады. Негізі бұл фирманың кепілдік беретіні бес жыл бес жылдың ішінде қандай ақау шықса біз өзіміз жаңағы реттеп жөндеп береміз. Ал бұл полиэтилен құбырлар қазір бәрі полиэтилен трубалармен жүріп жатыр оның жарамдылығы жетпіс жыл жердің астында сонымен жүргізіп жатырмыз енді бәрі бір алладан бірақ барымызша қолдан келгенімізше халыққа тиімді істеп беруге тырысамыз. Бұл жерде бізде глубина толщина бір жарым метрден ары қарай тереңдікте тазалап жатыр.Бізде үш диаметрлі труба тасталып жатыр ғой. Жүз алпыстық, жүз жиырма бестік. жүз ондық одан кейін алты орын бар конечный точкілер бар, Одан кейін абонентский выходтар әр үйге жиырма бестік шлангімен кіріп жатыр. Барлық үйге 83 шақырым ауыл оның абонент трубасы қырық үш шақырым. Ал трассалары жаңағы үлкен құбырлар 40 шақырым 39,700 метр шығады. Бүгінгі таңға дейін біз елу пайыздан асып кеткенбіз жаңағы жүз алпыстық трасса дейді оны көшеде үлкен құбырдың жүз пайызын жүргізіп қойдық, оны қоршап қой жоқ өздеріңіз көрдіңіздер ғой. Су жетеді ауылға. Жоғары жақтан жүз алпыс труба жүреді. Төменгі жақтан жүреді. Қоршап жүреді. Сондықтан жетеді су. 24/7 су ішуге мүмкіндік алады. Ауылда 1050 абонент бар. бұл ауыл бойынша барлығын есептеп реттедік. Бұл жерде енді счетчикпен береміз ғой счетчикпен бергеннен кейін біреуі жаңағы егінге де жіберу мүмкін. Біреу тек ішуге пайдаланады».
Бұл жоба толық аяқталған кезде Ақжар елді мекеніндегі 8 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі артып, санитарлық-гигиеналық жағдай едәуір жақсарады деп күтілуде.
Ақжардағы ауыз су жобасы – ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың бірі. Мұндай жобалар өңірдегі елді мекендерді сапалы коммуналдық қызметпен қамтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан өзге аудан бойынша да ауыз су беруге қатысты өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді.
Осылайша, Ақжар елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан ауыз су жобасы ауыл тұрғындарының көптен күткен мәселесінің шешілуіне жол ашпақ. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мыңдаған тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымы жақсара түседі. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік дамуына серпін береді.
Нұргүл Жолымбетова






