Созақта күн электр станциясы іске қосылды

110

Созақ ауданында тағы бір ауқымды инвестициялық жоба іске қосылды. Шолаққорған ауылында орналасқан күн электростанциясының жұмысымен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев танысты.

Күннен қуаттанатын станцияға аудандағы индустриалды аймақтан 120 га жер берілген. Мамандар бұл жоба қауіпсіз энергия көздерін дамытуға бағытталып отыр дейді.

Жаңа станция заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Жоба құны – 24 млрд. теңгені құрады. Өндірістік қуаты 50 мВТ. Мұнда 30 адам жұмыспен қамтылады.

Мақпал Рысбаева