Түркістан: Мешітте 5 уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

245

Түркістан облысындағы мешіттерде 5 уақыт намаз оқуға рұқсат етілді. 2 қарашадан бастап алынатын бұл шектеу шаралары туралы премьер-министр төрағалығымен өткен селекторлық отырыста айтылды.

Ведомства өкілдерінің сөзінше құлшылық жасау үшін 100 адамнан артық кіруге болмайды. Және намаз оқуға келгендер міндетті түрде бетпердемен болуы қажет. Алайда, жауаптылар жұма намазын мешітте жамағатпен оқуға әлі ерте деп отыр.

                                                                                         Назерке Үкібасова