«Түркістан-жаңа қала» алабында екі тұрғын үй кешені бой көтерді

655

Түркістан облыс орталығы мәртебесіне ие болғаннан бері мұнда әлеуметтік, мәдени, спорт және тұрғын үй құрылысы қызу жүргізілуде. Жергілікті кәсіпкерлер қызығушылық танытып, инвестицияларын әсіресе, баспана құрылысына құюда. Қаладағы «Түркістан- жаңа қала» жаңа тұрғын үй алабында «Сырдария» және «Арман» тұрғын үй кешендері бой көтерді.

«Сырдария» тұрғын үй кешенінің құрылысы былтыр наурызда басталып, биыл пайдалануға 9 көпқабатты үй тапсырылса, жылдың соңына дейін қалған 6 -ы дайын болады.
Мамыр Бөлежанов, «Түркістан» ӘКК «АО құрылыс департаментінің басқарушы директоры: «Сырдария» тұрғын үй кешенінің жобалық-сметалық құны 5 млрд. 135 млн. Мұнда инвестордың үлесі 96 пайыз, мемлекеттің үлесі 4 пайыз. Біз жер телімі және коммуникациямен қамтамасыз еттік».

Әрбір көпқабатты үйде 2-3 бөлмелі жалпы 25 пәтер бар. Пәтерлердің 1 шаршы метрі көпбалалы, аз қамтылған отбасылары үшін 180 мың теңгеден, ал инвестордың есебінен сатылатын пәтерлердің шаршы метрі 200 мың теңгеден жоғары.
Гүлмира ӘБІШЕВА, инвестор: «Кешенде барлығы қарастырылған: аула көріктендіріліп, балалар алаңшасы, спорт алаңы, әлеуметтік дүкенге дейін бар. Жақын жерде емхана, мектеп, жүзу бассейіні бар».

Екі тұрғын үй кешеніндегі бой көтерген 44 көпқабатты тұрғын үйдегі 1418 пәтер кезекте тұрған және баспаналы боламын деген азаматтарға үлестіріледі.

Шынар Оразова