Úı ANONS «Төбемізден су кетеді» деген үрейде отырмыз»

«Төбемізден су кетеді» деген үрейде отырмыз»

фото massaget.kz

Шымкенттегі «Алтын әлем» тұрғын үй кешенінің тұрғындары баспанамыздың төбесінен су сорғалап, әбден қажытты дейді. Олар үйдің сапасы нашар деп шағымданады. Құрылыс компаниясы жағдаймен таныс болса да, мәселені толық шешпей отыр дейді, тұрғындар.

«Шымкент сити» ықшам ауданындағы «Алтын әлем» тұрғын үй кешенінен шу шықты. Тұрғындардың айтуынша жауын жауып, қар еріген сайын көретіні – осы. 5 қабатты үйдің сапасы сын көтермейді. Шатыры дұрыс жабылмаған, үй ішіне тартылған құбырлар жарылып, су ағады. Қашан баспанамызды су алады деген үреймін отырмыз дейді тұрғындар.

ДИНАРА ЖАНДІЛДӘЕВА,ТҰРҒЫН: «Жоғарыдағы үйден өткен. Оның сантехникасы дұрыс жасалмағаннан су шығып біздің үйдің бәрін былғады. Ваннамыздың төбесі төмен қарай түсіп кетіп, 3 күн тұрды істелмей. Кірмей жатып проблема бастан асып жатыр. Бірінші проблема су болып тұр. Соны жөндеп берсе, алған адам да, салғызған адам да өз жауапкершілігін атқарса. Қаншама үйлердің ремонты кетіп жатыр, алған жиһазы кетіп жатыр. Енді ешкім тегін алып жатқан жоқ деп ойлаймын оны».

МАРИЯ ТЕМІРТАЕВА, ТҰРҒЫН: «Дәретхананың төбесі салбырап тұр. Мән бермедім. Кейін қарасам үлкейіп жатыр. Хабарластым. Келіп шегемен тесіп еді, түске дейін су ағып тұрды. Сосын потолок жайына келді. Орнына келді. Одан кейін осыдан 2 апта алдын канализацияның құбырынан су тамшылады. Ары қараймын, бері қараймын азанда қарасам туалетім көл болып жатты».

Тұрғындардың сөзінше, тоқсанға жуық пәтердің кемі 20-сынан су кеткен. Ал баспананы олар мемлекеттік бағдарламамен несиеге алған. Тірнектеп жиған-тергенін осы үйге жұмсаған жұрт, «шығынға баттық» деп ашынады.

ЖАНАР ӨНЕРБАЕВА, ТҰРҒЫН: «Барлығымыз зорға тірнектеп жинаған ақшамызға алдық. Ешқандай жауап жоқ. Алдың, қол қойдық болды айтатын бар жауаптары. Жүргізген сантехниканың сапасы нашар. Сол жасалынған тірліктен болып тұр. Жөндеп береміз дейді. Олардың айтатыны сол. Сонда біздің кетіп жатқан жиһаздарымыз не болды? Кім жауап береді, кім орнына келтіріп береді? Босқа шығынға батып жатырмыз ғой. Алған ақшамыз бір бөлек, шығынға екі есе батып отырмыз. Соны кім төлеп береді бізге, кім орнына келтіріп береді».

Тұрғындардың көзіне лента байлап қойып, осы үйді аласың деп біз күштеп берген жоқпыз біріншіден, талабым осы. Осы видео шықсын».

Тұрғын үй кешенін «Алтын констракшн» құрылыс компаниясы салған. Мекеме өкілінің сөзінше, пәтерлер сатылғанда шағым болмаған. Тұрғындардың қазіргі арызы ұсақ-түйек дүние дейді. Онымен компания таныс. Кейбірімен келіссе, кейбірімен келіспейді. Ал шыққан ақауларды кезең-кезеңімен жөндеп беріп жатыр.

НАЗИРА КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Екіншіден, келді видеоға түсірді, көрді. Өздеріне ұнады. Ұнаған соң келді. Көшіп келгені бар, келмегені бар. Үшінші табалы бойынша шатыр, шатыр стандартқа сай. Талап бойынша видеосы бар. Крыша-крыша дей берудің қажеті жоқ. 1-2 жылда қателік шығады. Ол ұсақ нәрсе. Пайкадан кетеді».

Компания өкілінің есебінше, пәтерден ақау шыққан. Кей тұрғындар өзі сындырғанды жөнде деп талап етеді. Компанияның тұрғын үйге 1 жылдық кепілі бар, оның 4 айы ғана қалған. Оған дейін мәселе шешілмесе, не істейміз дейді тұрғындар. Олар прокуратураға шағым түсірген. Алайда қазірше ешқандай нәтиже болмаған.

Дилара Иса