Capital Invest Construction озық технологиялармен жабдықталған пәтерлерді ұсынады

Шымкентте Capital Invest Construction компаниясының сату кеңсесі ашылды. Енді Capital City тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер сатып алу үшін алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа үйлер заманауи технологиялардың көмегімен салынып жатыр.

Артық шудан оқшауланған аймақта, үлкен ойын-сауық аймағы және отбасылық кинотеатр мен фитнес-зал болады. Сату кеңсесінің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысты.

Бұл Capital City тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтердің тұжырымдамасы. Пәтерлерде үш метрлік төбе, берік қабырғалар, тамаша жылу және шудан оқшаулау бар. Сату кеңсесінде мамандар сіздің болашақ пәтеріңіздің қандай болатынын көрсетіп, ерекшеліктерімен таныстырады.

«Capital Invest Construction» компаниясының Қазақстан нарығында жүргеніне – 20 жыл толды. «Capital City » – Шымкенттегі жаңа технологияларды қолданатын алғашы жоба. Жаңа тұрғын үй кешені қаладағы ең биік ғимарат болмақ. Жиырма бес қабатты үйдің қасбеті шыны талшықты бетоннан жасалған. Жаңа үйлердің ерекшеліктері сатып алушылардың қызығушылығын оятып, тұрғындардың арасында пәтерлерге деген жоғары сұраныс туғызды.

Мақсат Қанаев, тұтынушы: «Алғысым шексіз! Capital city-ге рақмет көп-көп! 84 кв метр алдым, сегізінші этаждан. Маған әсіресе құрылыс материалдарының сапасы ұнады».

Сату кеңсесінің ашылуына Шымкент қаласының әкімі де келді. Мұрат Әйтенов 2022 жылы Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасында Шымкент бизнесті жүргізу үшін ең үздік қала болып танылғанын атап өтті. Басты жобалардың бірі – қала ішіндегі қала құрылысы тұжырымдамасы арқылы жайлы өмір сүру үшін қажетті жағдайлар жасалған «Шымкент сити» шағын ауданын дамыту. Capital Invest Construction компаниясы, шағын ауданды жайлы дамытуға ерекше атсалысып келе жатқан ірі құрылыс компанияларының бірі. Салымдардың арқасында қалаға 460 млрд. теңгеге жуық жеке инвестиция тартылған.

Эдуард Манукян, CAPITAL CITY сату бөлімінің басшысы: «Бұл -көпфунционалды ғимарат. Мұнда – фитнес залы, 30 адамға арналған банкет залы, караоке бөлмелері, йога, плейстейшн, 3 музыкалық бөлме, балалар ойын бөлмелері, балаларға арналған сурет бөлмелері, отбасылық кинотеатр болады. Мұның бәрі ең алдымен біздің клиенттеріміз бос уақытын тиімді пайдалануы үшін жасалады».

Capital Invest Construction компаниясының мамандары сіз үшін шағын студиялық пәтерлер мен кең пәтерлерді, сондай-ақ, керемет пентхаустарды таңдауға көмектеседі. Нысан осы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Пәтерлердің құны 21 млн.  теңгеден, ал бастапқы жарна 7 миллионнан басталады. Үйді ипотекаға немесе қолма-қол ақшамен сатып алуға болады. Ал егер 50 немесе 100 пайыздық алдын-ала төлем жасасаңыз, құрылыс салушыдан жеңілдік ала алуға мүмкіндік бар.

Байланыс нөмірі: +77475199999
Құрылыс мекен жайы: Capital City тұрғын үй кешені
Бәйдібек би даңғылы, 127/7