Заңға енуі тиіс түзетулерді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірледі.
Құжатта құрастыру, залалсыздандыру, қалдықтарды қолдану және (немесе) кәдеге жарату үшін төленетін ақы мөлшерін есептеу әдістемесін енгізу ұсынылады. Келешекте электромобиль үшін утилизациялық алым төленбейді, ал қазір құны — 150 АЕК (416 700 теңге). Гибрид көліктерге жеңілдіктің қатысы жоқ, деп хабарлайды kolesa.kz.
Министрлік мұндай мөлшерлеме электромобиль өндірушілер мен сатып алушылар үшін көлікті тартымды етіп, экологияға оң әсер етеді деп сенеді.
Біздің елде утилизациялық алымның базалық мөлшері 50 АЕК-ке тең. Ең аз төлейтіндер — 1 000 текше см-ден аспайтын жеңіл көлік иелері.