«Сапар орталығында» қолөнершілер жәрмеңкесі өтті

192

Түркістан қаласындағы «Сапар орталығында» екі күн бойы Қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп, шаһардағы өнерпаздар өз туындыларын көрсетті.

Екі қолынан өнері тамған шеберлер қыш құмыра, ағаштан сувенирлік бұйымдар, зергерлік өнер, тоқыма сынды дүниелерді сатылымға қойып, келушілерге жасалу жолдарынан да шеберлік сағаттарын өткізді.

Осы аптадағы демалыс күндерде өткен жәрмеңкеге жеті қолөнерші қатысса, алдағы аптада да жалғасын табатын шараға жергілікті шеберлер қатысуға ниетті.

Жалпы, екі күнде 300-ге жуық адам келіп, аталған бастамаға қызығушылық білдірді. Алда, әр аптаның сенбі-жексенбі күндерінде жалғасып отыратын болады.