Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры тағайындалды

213

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының бұйрығымен Сұлтан Оңғарұлы Сраилов Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры болып тағайындалды. Басқарма басшысы Есенова Ханзада Әзімханқызы ұжымға жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Бұған дейін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Сұлтан Оңғарұлы Сраилов ендігі кезекте Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының жұмысын жаңа белеске көтереді деп сенеміз.