Úı Jańalyqtar Кәріз жүйесімен қамту үшін 17 нысанның құрылысы жүргізілуде

Кәріз жүйесімен қамту үшін 17 нысанның құрылысы жүргізілуде

Шымкент қаласында халықты кәріз жүйесімен қамтылуы 49,1% құрап отыр. Бұл көрсеткішке қала орталығындағы 2 196 көпқабатты тұрғын үй мен шағын аудандардағы 37 540 жеке тұрғын үйлер кіреді.

Бұл жөнінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетовке баяндады.
Шаһарда кәріз жүйесімен қамтылуы бойынша Әл-Фараби ауданы көш бастап тұр. Ауданға аумағы қала орталығында орналасқандықтан 81,5% кәрізге қосылған. Ал, Еңбекші аудынында кәрізбен қамтылу 50% құрап отыр. Абай ауданында 42,5%, Қаратау ауданы халқының 26,3% кәріз жүйесі тартылған.

Басқарма басшысының сөзінше бүгінде қалада кәріз жүйелерімен қамтылуын жоғарылату мақсатында басқарма тарапынан 17 нысанның құрылыс жұмысы жүргізілуде. Жалпы жобаның құны – 16,5 млрд теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы бөлінген.