Шымкенттегі ХҚО көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда

165

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында #БізЖылуСыйлаймыз хэштегімен қолға алынған игі бастамасы жалғасуда.

Күнделікті қызметтен бөлек, қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында жылы лебіздер айтылып, арнайы естелік сыйлықтар табысталып жатыр.

Филиал басшылығы мен қызметкерлері құжаттарды рәсімдеу барысында азаматтарға ықылас таныту арқылы оларды шаттыққа бөлей алатындығын жеткізді.

«Ілтипат көрсету – бір адамның екінші адамға деген шынайы ықылас көпірі. Жылы сөздердің қатқан жүректі жібітіп, жанды жұмсартатын ерекше қасиеті бар. Оның үстіне сыйлық алғанда, адамның жаны жадырап, көңілі көтеріліп, іштей бір марқайып қалады», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиал директоры Данабек Исабеков.

Естеріңізге салайық, бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді дәстүрлі түрде көрсету шеңберінен шығуға ұмтылып, қызмет алушыларға жылулық мен мейірімділік сыйлауда. Мәселен, ХҚО қызметкерлері баласының туу туралы куәлігін, жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін алғаш алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмас сәттерімен құттықтауды дәстүрге айналдыруда