Тұрғындар ұсыныстарын қайда жолдайды?

81

Жемқорлықты жою мақсатында ашылған «паблик.бюджет.кз» сайтына тұрғындар өз ұсыныстарын жолдай алады. Бұл туралы бүгін қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Сөздерінше, жаңадан ашылған сайтта қалалық бюджет құны толықтай көрсетіледі. Және әр басқарманың жобалары да жарияланып отырады.

Бұдан бөлек, онлайн кездесуге шыққан жауаптылар «Халық қатысатын бюджет» жобасын да таныстырды. Және тұрғындарды ұсыныс жолдауға шақырып отыр. Айта кетейік, жаңа сайт жуырда ғана іске қосылған болатын. Онда тұрғындар өздері тұратын ауданға қажет нысандарды сұрай алады.

Айбек СӘТТІБАЕВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Тұрғындар аудан әкімі аппараты құзіретіне кіретін салалар бойынша ғана ұсыныс бере алады. Олар аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру. Арық, пандустарды салу және жөндеу. Ортақ пайдалану орындарын саябақ, гүлзар, жаяу жүргіншілер аймақтары сол орындарды құру, жөндеу және жарықтандыру».

Назерке Үкібасова