«Отырар» телеарнасы ерлік жасап елеусіз жүрген жандарды насихаттау челленджін бастайды

177
фото Алаш айнасы

Арамызда ерен ерлік жасап елеусіз жүрген жандар аз емес. Олар туралы көпшілік біле бермеуі де мүмкін.

Қалың қауым бейбіт күннің батырларын білуі керек деп санаймыз.
Біз ерлік жасаған батырлар жайлы, сол кейіпкеріне алғыс айтқысы келетіндерді іздейміз.

Сізге көмектескендер жәйлі және оған не үшін алғыс айтқыңыз келетіні туралы баяндаңыз. Телеарнамыздың сюжеттеріне негіз болатын қызықты оқиғаларды бөлісетін боламыз.

Ең қызықты оқиғаның авторына тосынсыйымыз бар. Яғни, басты сыйлық — бүкіл отбасы үшін өңіріміздегі ең жақсы санаторийлердің біріне жолдама беріледі.

Жобаға қатысу үшін өзіңіздің тарихыңыздың 30 секундтық бейнесін жазып, бізге жіберіңіз. Мүмкін ол билетті сіз алатын боларсыз!

Өз оқиғаларыңызды біздің whatsapp нөмірімізге жібере аласыз: +7 747 996 8219