Түркістан: «Nur Otan» қатары жаңа азаматтармен толықты

116

Бүгін Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясына жаңа тұлғаларды қабылдау жиыны өтті. Мереке қарсаңындағы іс-шарада «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бейсен Тәжібаев көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Өздеріңіз білетіндей, «Nur Otan» партиясы қоғаммен байланыс орнату, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда жүйелі жұмыс атқарып келеді. Партия еліміздегі түрлі қиындықтарда, пандемия кезінде елдің қасынан табыла білді. Кейбір адамдар «Nur Otan»-ды шенділердің партиясы деп ойлайды. Ол – қате тұжырым. Біздің партиямыз кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер, спортшылар, жалпы қарапайым еңбек адамдарынан құралған. Бүгін де қатарымызға бір топ азамат қабылданып отыр. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Ел мүддесі жолында қызмет ете берейік. Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», – деді Б.Дәулетұлы.

Сонымен бірге осы күні партия қызметкерлері мен өзге де саладағы азаматтарға облыс әкімі Ө.Шөкеевтің алғыс хаттары, облыстық мәслихаттың грамоталары және партияның облыстық филиалының алғыс хаттары тапсырылды.

Жалпы Түркістан облысында партияның 80 мың мүшесі бар. «Мен партияны таңдаймын» челенджі аясында көптеген белсенді азамат нұротандық атанды.
Қайратты, өжет, отаншыл азаматтардан құралған «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз! Біз біргеміз!

Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

QAINAR KÓZ«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі