Түркістан обылысы: Сайлау науқанының барысы

199

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы саяси науқанға қатысты БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Жергілікті мәслихаттарға қатысты мәліметтерге тоқталсақ. 10 -шы қаңтарға белгіленген сайлауға бастапқыда 6 партия қатысуға ниет білдірген. Алайда, жалпы ұлттық социал-демократиялық саяси партиясы байкот жариялап, сайлаға қатыспайды. Аумақтық сайлау комиссиясында  тіркеуден  бес партияның үміткерлері өтті. Төраға өңірдегі облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға әр партиядан додаға қатысатын үміткерлердің санын тізіп шықты.
Әлібек ӨМІРӘЛИЕВ, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Өңірде 836 кандидат 72 партиялық тізім бойынша  тіркелді. «Нұр Отан» партиясынан 632 кандидат-17 партиялық тізім бойынша, «Ауыл» партиясы 81кандидат-17, «Ақжол» партиясынан 69 кандидат, «Адал» партиясынан 46 кандидат -17 п.т. Қазақстан халық партиясынан 8 үміткер 4 партиялық тізім  бойынша».

Облыс мәслихатына -116 кандидат 5 партиялық тізіммен, қалалық мәслихатқа 119 үміткер 12 партиялық тізім бойынша және аудандық мәслихатқа 601 кандидат 55 партиялық тізім бойынша сайлауға қатысады. Партиялық тізімді ұсыну 4 желтоқсанда сағат 18:00- де аяқталса, оларды тіркеу 10 желтоқсанда сағат 18:00-де тоқтатылды.

Айта кететін жәйт, науқан басталғалы 1 үміткер өліміне қатысты, 2 кандидат өз арыздарына байланысты сайлау комиссияларының шешімімен тіркеуден алынып тасталды. Осыған орай, «НұрОтан» партиясында бүгінде 629 үміткер тіркелген.

Шынар Оразова