Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жариялады. Нәтиже бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне үш партия өтті. Nur Otan партиясы — ең көп мандатқа ие болды.
Мәжіліске үш партия, яғни, Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстан халықтық партиялары өтті.
Аталған партиялардан бөлінген депутаттық мандаттар келесідей:
Nur Otan партиясы — 76 орын;
Қазақстан халық партиясы — 10 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы — 12 орын.
Сонымен қатар, Мәжіліс құрамында Қазақстан халықтары Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды.