Шымкенттегі онкологиялық орталықтың химиятерапия және эндоваскулярлық онкология бөлімшесінде ем қабылдап жатқан науқастар ақ халаттыларға алғыстарын айтты.
Сөздерінше олардың жағдайлары күннен күнге жақсарып келеді. Оған емдік шараларымен қоса осындағы дәрігерлер, орта буын медбикелері мен санитарлардың үлесі мол. Солардың бірі — Эрик Қызайбеков.
Науқас Шымкентке Алматыдан арнайы келіп емделіп жатыр. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқас бастапқыда нашар едім, қазір денсаулығым түзелді, туыстарым да келіп тұрады дейді.
Эрик ҚЫЗАЙБЕКОВ, Алматы қаласының тұрғыны: «Ұйықтай алмай, мазам жоқ еді. Бүктеліп, өлуге жақын едім. Міне, бөлім меңгерушісі, емдеуші дәрігер санитарлар барлығының қолдауы арқасында жақсы болдым. Барлығына үлкен алғыс айтамын».
Шынар Оразова