Қажымұқан Мұңайтпасов кешені салынады

798

Түркістан облысында Қажымұқан атындағы кешен салынбақ. Спорт орталығы жауырыны жерге тимеген батырдың 150 жылдығына орай бой көтереді. Ал, құрылыс жұмыстары Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінде жүргізілмек. Бұл туралы облыс басшысы 2021 жылды жоспарлау жиынында мәлімдеді.

Айта кетейік, Қ. Мұңайтпасов мұражайы қазір Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінде орналасқан. Аталмыш музейді де жауаптылар жаңа кешенге көшірмек.

Бұдан бөлек, аумағы 5 га алатын орталықта спорт зал, кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы мен киім ауыстыру бөлімі болады. Осылай деген жауаптылар ғимарат аумағын жасыл желекке орап, демалыс орнына айналдыруды жоспарлап отыр.

Назерке Үкібасова