Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихатта партиялар арасындағы мандаттарды бөлу туралы ақпаратты мәлімдеді:

«Нұр Отан» партиясы – 24 мандат;

«Ауыл» ХДПП – 3 мандат;

«Ақ жол» ҚДП – 3 мандат.

Айта кетейік, ҚР Сайлау туралы заңының 111-1 бабының 1-тармағына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу 7 пайыздық межені еңсерген партиялар арасында болады.

Олар: «Нұр Отан» партиясы – 78,63 пайыз;

«Ауыл» ХДПП – 9,44 пайыз;

«Ақ жол» ҚДП – 9,60 пайыз.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаевтың айтуынша, енді мәслихатқа жолдама алған әр партия өз жиындарын өткізіп, мандат берілетін кандитаттарын іріктейді. Осы аптаның ішінде тізім бекітіліп, халық қалаулыларына депутаттық куәлік пен төсбелгі табысталады.

Шынар Оразова