Шымсити: Коммуналдық жүйелерге арналған жеке дербес шоттар ашылмаған

224
Фото: Береке Сейітжаппар

 

Шымкент қаласының Қаратау ауданы «Шымсити» шағынауданындағы тұрғын үйлердің жылу, ауыз су, электр жарығы және лифт мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда аталған көпқабатты үйде қоныстанған тұрғындардың саны 70 пайызға жетпеген және қоныстанған тұрғындар тарапынан коммуналдық жүйелерге (ауыз су, электр жарығы, жылу) арналған жеке дербес шоттары ашылмағаны анықталды. Осыған байланысты тұрғындарға толықтай кіреберістегі электр жарығын, лифт жүйесін қосу, пәтерлерге ауыз су жеткізуде қиындықтар туындап отыр. Кездесуде тұрғындарға шұғыл арада үй басқарушысын тағайындап, коммуналдық жүйелерге дербес шоттарын аштыру керек екені түсіндірілді.

Бүгінде құрылыс басқармасы және жауапты мердігер мекеме тұрғын үйдегі анықталған барлық кемшіліктерді ретке келтіру, қайта іске қосу бойынша жұмыстар атқаруда.

Сонымен қатар, тұрғындарға меншік иелерінің бірлестігін құру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаратау ауданы әкімі аталған мәселені жеке бақылауына алған.

Қосымша сұрақтар бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 39 31 80 тел нөміріне хабарласуға болады.

 

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі