«Шымситидағы» көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын

611

Биыл “Шымситиға” алғашқы тұрғындары көшіп барады. Жаңа шағынауданда бой көтерген көпқабатты үйлердегі пәтерлер өз иелеріне тапсырылады. Сондай-ақ, шаһарда жаңадан салынған 11 көпқабатты үйдің де құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуге дайын.

Қазір, жаңадан бой көтеріп жатқан «Шымситидағы» үйлердің аулалары абаттандырылған. Балалар ойын алаңшалары орнатылып та үлгерген. Қажетті инфрақұрылым толық жүргізілген, тек жылдар бойы кезек күткен жерлестеріміздің қонысы күтіп тұр.

«Шымситида» салынып жатқан тұрғын үйлер сейсмикалық жағынан күшейтілген. Әрі құралмалы құрылыс материалдары қолданылып салынған. Сала мамандары мұны құрылыстың жылдам әрі уақтылы тапсырылуына негіз болады деп сендірді. Айта өтейік, биыл бұл шағынауданда 13 тұрғын үй бой көтерген. Оның екеуі қоныстанушыларын қабылдауға дайын.

Шымкентте келер жылы 55 көпқабатты үй салынады. Оның 9 қабатты 8 тұрғын үйі дәл осы «Шымсити» шағынауданында бой көтереді. Оған республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.

Нұрлан Күдерұлы