Түркістан облысы карантин талаптарын бұзудан көш бастап тұр

103
фото Liter.kz

Еліміз бойынша карантин талаптарын бұзғандардың жартысынан көбі Түркістанда тіркелген. Бұл туралы Қазақстанның бас полицейі мәлімдеп отыр.

Ерлан Тұрғымбаев сөзінше өрескел заң бұзушылықтың 175 жағдайы тіркелген. Оның басым бөлігі түнгі клуб, сауда орталықтары мен мейрамхана әкімшілері тарапынан жасалған. Ал олардың 60 пайызы Түркістан облысында анықталған.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі: «Жыл басынан бері көлікке қатысты нысандардан ПТР-тесті болмаған 3200 азамат карантинге жатқызылды. Күніне ПТР-тесті болмаған 150-ге тарта адам карантинге орналастырылуда. Карантин шараларының сақталуын қадағалау мақсатында мониторинг топтары жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері олар 9 мыңға тарта рейд шарасын өткізіп, 773 заңбұзушылықты анықтады. Осы заңбұзушылықтардың ішінде 77 пайызы айтарлықтай заңбұзушылыққа жатпайды».

 Назерке Үкібасова