Түркістанда оқушылар сарайы жұмысын бастады

379

Түркістанда оқушылар сарайы жұмысын бастады. Осыған орай арнайы ұйымдастырылған «Ашық есік» күні барысында тәжірибелі ұстаздар әртүрлі бағыттағы студиялар мен үйірмелердің жұмысымен келушілерді таныстырды.

Оқушылар сарайында жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді өткізіуіне жағдай жасалған. Мұнда технопарк, Сана IТ , өнер және тіл үйрету және шығармашылық орталықтары жұмыс істейтін болады.

Шынар Оразова