Өмірзақ Шөкеев облыстық қоғамдық кеңесте есеп берді

99

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық қоғамдық  кеңес мүшелерінің алдында есеп берді.

Өңір басшысы баяндамасында аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Пандемияға қатысты енгізілген карантиндік шараларға қарамастан экономикада өсім, салықта түсім бар. Жалпы өңірлік өнімнің өсімі бойынша облыс республикада 1 орында. Бюджет қаржысы толығымен игерілген. Инвестиция тарту бойынша өңір өте жоғары көрсеткіштермен жылды қорытындылады.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: «Екі жылда Түркістан қаласының негізі қаланды. Әкімшілік іскерлік орталығында ғимараттардың бірінің құрылысы аяқталса, бірінің құрылысы жүргізілуде. Құдай қаласа, олар да бітеді. Қазір 177 тұрғын үйдің құрылысы  жүргізілуде.  Олар кезеңімен пайдалануға тапсырылады».

Түркістанның жанында жаңа «Сауран» ауданын құру бойынша ұсыныс жасалды. Нәтижесінде,  облыстағы аудандардың саны 17-ге жетеді. Жаңа ауданның құрылуы Наурыз мерекесі қарсаңына көзделген.

Тұрғындардың көтерген мәселелерін тез арада шешу мақсатында аудан, қала орталықтарында «Фронт-офис», «Ашық әкімдік» жұмыс істеуде . Әкімшілік іскерлік орталығындағы 21 басқарма және мемлекеттік қызмет көрсететін 16 басқарма, жеке қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар сенім телефоны 109 тәулік бойы жұмыс істейді.

«Газ толық кірмеген ғой дейді. Түсіндіріп өтейін, газ Түркістан қаласының көшелеріне 100 пайыз тартылған, ал үйлерге  кіргізу ол басқа мәселе. Оның да сомасын үкіметте  айтып, төмендеттік. Енді тұрғындар мүмкіндік тауып кіргізіп алуы керек. Қазір 62 пайыз қамтылған», деді өңір басшысы.

Жиын соңында Қоғамдық кеңестің мүшелерің есептің қорытындысы бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жұмысына өте жоғары баға берді